2026 жылғы 31 шілдеде «Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және заңбұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Аманжол Құсайынов жүргізді.
Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, тәуекелдер мен мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және заңсыз әрекеттерге төзбеушілік мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті түсіндірмелер беріліп, практикалық ұсынымдар ұсынылды.
